Шымкент қаласының Әділет департаментінің әлеуметтік желідегі телеграм бот ақпараттық сайты іске қосылды

Шымкент қаласының Әділет департаментінің әлеуметтік желідегі телеграм бот ақпараттық сайты іске қосылды

Шымкент қаласының Әділет департаментінің әлеуметтік желідегі https://t.me/shymkentadilet_bot ақпараттық сайты іске қосылды.
Департаменттің телеграм-ботын волонтерлік негізде әзірлеген М.С.Нәрікбаев атындағы КазГЮУ университетінің 4 курс студенті Алижан Әлихановтың қатысуымен арнайы семинар – перзентация өткізілді.
Шара барысында аталмыш жүйенің азаматтармен кері байланыс орнату бағытында алатын орны ерекше екендігі аталып өтілді.
Қазіргі таңда телеграм ботты пайдаланушылар қатары күн санап көбеюде.
Онда азаматтар әділет органдарына қатысты қажетті саланы таңдау арқылы өзін толғандырған сауалға автоматты түрде жауап ала алады. Сонымен қатар мұнда тиісті ақпараттарды смартфон арқылы жүктеп алу мүмкіншілігі де қарастырылған.
Телеграм ботты іске қосудағы негізгі мақсат- азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен қатар өмірлік маңызы бар мәселелерді шешуде заң көмегін көрсету және сапалы заң көмегін алуды қамтамасыз ету болып табылады