«ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АЗАМАТТАРҒА ЗАҢГЕРЛІК КЕҢЕС БЕРІЛДІ

«ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АЗАМАТТАРҒА ЗАҢГЕРЛІК КЕҢЕС БЕРІЛДІ

«Құқықтық көмек» жобасы аясында азаматтарға тегін заңгерлік кеңес беруге бағытталған кезекті қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың өзекті мәселелерін заң аясында шешуге жәрдемдесу және білікті құқықтық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Қоғамдық қабылдауға «Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Е. Байқонысов, адвокат А. Муталипов, Қазақстандық заң консультанттары палатасының заң консультанты М.А. Жумабаева мен жеке сот орындаушы Л.Е. Биболова қатысты.

Қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған құқықтық мәселелерін көтеріп, мамандардан жеке консультация алды. Әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, мәселелерді шешудің заңды жолдары жөнінде тиісті кеңестер берілді.