
Елімізде кітап оқу мәдениетін дәріптеуге және зияткерлік дамуды қолдауға бағытталған ауқымды республикалық «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» марафоны бастау алады.
Жобаны іске асыру кезеңдері:
2026 жылғы қыркүйек – қатысушыларды тіркеу;
2026 жылғы қыркүйек – 2027 жылғы наурыз – марафон аясында 15 кітап оқу;
2027 жылғы наурыз–сәуір – қатысушылар арасында байқаулар, тесттер мен квиздер өткізу.
Қатысу үшін постердегі QR-код арқылы немесе reading-nation.kz платформасында тіркелуге болады.