М. ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ КҮНІ» ӨТТІ

М. ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ КҮНІ» ӨТТІ

Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласының Әділет департаменті «Шымкент қаласының Азаматтық бастама» қауымдастығымен бірлесіп, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Заң клиникасы» аясында «Тегін заң көмегі күнін» өткізді.

 Іс-шара барысында адвокат, нотариус, жеке сот орындаушы және «Шымкент қаласының Азаматтық бастама» қауымдастығының өкілі азаматтарды қабылдап, түрлі құқықтық мәселелер бойынша тегін заң көмегін көрсетті.

Қабылдауға келген азаматтардың сұрақтары жеке қаралып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құқықтық түсіндірмелер мен тиісті кеңестер берілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға жәрдемдесу және қоғамда заңға құрмет қағидатын қалыптастыру.ния
к закону