ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҮСІНДІРІЛДІ

Шымкент қаласының Әділет департаменті жаңа Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында кірістер органдарының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Іс-шараға Шымкент қаласының Әділет департаменті басшысының орынбасары Мейрам Мұхтаров қатысып, жаңа Конституцияның негізгі қағидаттары мен еліміздің құқықтық жүйесін одан әрі дамытудағы маңызына тоқталды.

Кездесу барысында Әділет департаментінің бас маманы Самал Бахыяр жаңа Конституцияның негізгі ережелері бойынша баяндама жасап, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған конституциялық кепілдіктер, заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік биліктің жауапкершілігін арттыруға қатысты негізгі нормаларға кеңінен тоқталды.
Сондай-ақ қатысушыларға конституциялық жаңашылдықтардың мәні мен оларды іс жүзінде іске асырудың маңыздылығы түсіндірілді.

Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пікір алмасу жүргізілді.
Аталған іс-шара азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және жаңа Конституцияның негізгі ережелерін кеңінен түсіндіруге бағытталды.