
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша басқармасының ұйымдастыруымен ведомство қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті. Іс-шара барысында өтініштерді (оның ішінде жеке қабылдау кезінде берілгендерін) қабылдау, тіркеу және жолдау тәртібі, оларды қарау мерзімдерінің сақталуы, сондай-ақ «e-Otinish» ақпараттық жүйесіне жасанды интеллект мүмкіндіктерін енгізуге байланысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мәселелері қаралды.