2026 жылдың 25 тамызынан бастап Қазақстанда алименттер арнайы банктік шоттарға аударылады

2026 жылдың 25 тамызынан бастап Қазақстанда алименттер арнайы банктік шоттарға аударылады

2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстанда кәмелетке толмаған балаларды және еңбекке қабілетсіз адамдарды асырауға арналған қаражаттың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған алименттерді аударудың жаңа тәртібі қолданысқа енгізіледі.

Тиісті өзгерістер Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 325-VIII «Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңында көзделген.
Аталған Заңмен Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңы 102-1-баппен толықтырылды.

Енді алимент өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау кезінде өндіріп алынған алимент сомалары алименттерді есепке алуға арналған банктік шотқа ғана аударылатын болады. Бұл үшін өндіріп алушы сот орындаушысына осындай банктік шоттың деректемелерін ұсынуға міндетті.

Енгізілген өзгерістердің негізгі мақсаты – кәмелетке толмаған балаларды және еңбекке қабілетсіз адамдарды асырауға арналған ақшалай қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес алименттерді есепке алуға арналған банктік шоттағы ақшаға тыйым салуға жол берілмейді.

Бұл алимент қаражатының тек өзінің тікелей мақсаты бойынша пайдаланылуын қамтамасыз етіп, өндіріп алушының өзге де міндеттемелері бойынша атқарушылық әрекеттердің қолданылуынан қорғайды.