«ЖАҢАРҒАН АТА ЗАҢ - ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

«ЖАҢАРҒАН АТА ЗАҢ - ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕЛБЕТІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Абай атындағы қалалық орталық кітапханасында «Жаңарған Ата Заң – Жаңа Қазақстанның келбеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шарада заңгерлер, қоғамдық бірлестік өкілдері, Академия филиалының және кітапхана қызметкерлері баяндама жасады.

Кездесу барысында жаңартылған Конституцияның негізгі қағидаттары, енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың маңызы, заң үстемдігі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері жан-жақты талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, сауалдарына жауап алды.

Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың, әсіресе жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Ата Заңға деген құрметті қалыптастыру, конституциялық патриотизмді нығайту және құқықтық мәдениетті дәріптеу.