1414 БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

1414 БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

Шымкент қаласының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 1414 бірыңғай байланыс орталығының қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өткізілді.

Семинар барысында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және азаматтық хал актілерін тіркеу салаларында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тәртібі жан-жақты түсіндірілді.

Қатысушыларға мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізбесі, өтініш беру жолдары, қызмет көрсету мерзімдері және өтініштерді қарау барысында туындайтын өзекті мәселелер бойынша әдістемелік түсіндірмелер берілді.

Сонымен қатар азаматтарға нақты әрі сапалы ақпарат ұсыну, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде жиі кездесетін сұрақтарға дұрыс жауап беру және өтініш иелерін тиісті мемлекеттік органдарға бағыттау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Департамент мамандарынан толыққанды жауаптар алды.