МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Шымкент қаласында бірқатар мемлекеттік қызметшілер марапатталды.

Салтанатты рәсім барысында өз қызметін адал атқарып, мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға үлес қосып жүрген қызметкерлерге алғыс хаттар мен марапаттарды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қанат Қадырбеков пен Шымкент қаласының Әділет департаментінің басшысы Айнұр Исабекова табыстады.

Марапаттау рәсімі мемлекеттік қызметшілердің қоғам алдындағы жауапкершілігі мен еңбегінің маңыздылығын айқындап, олардың кәсіби жетістіктерін дәріптеуге бағытталды.

Мемлекеттік қызмет – халықтың сеніміне негізделген маңызды сала. Ел игілігі жолында абыройлы еңбек етіп жүрген барлық мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!