ШЫМКЕНТТЕ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДАҒЫ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШЫМКЕНТТЕ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДАҒЫ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Шымкент қаласында «Қазақстан Республикасының Конституциясы: заң үстемдігі, тиімді мемлекеттік басқару және азаматтық қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әділет департаментінің басшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры, тыңдаушылары, жоғары оқу орындарының өкілдері, азаматтық қоғам институттарының мүшелері мен жастар ұйымдарының жетекшілері, мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Жиын барысында Конституцияның мемлекеттік қызметтегі заңдылық пен кәсібилікті қамтамасыз етудегі маңызы, басқарушылық қызметке конституциялық қағидаттарды енгізу, отбасы институтын нығайтудағы конституциялық құндылықтар, сондай-ақ жастардың мемлекеттік басқару мен азаматтық қоғамды дамытуға қатысу мәселелері талқыланды.

Спикерлер Конституцияның құқықтық мемлекет құрудағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы және мемлекеттік институттардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етудегі негізгі рөлін атап өтті.