
Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығында балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру және психологиялық қолдау көрсету мақсатында кездесу өтті.
Іс-шараға Шымкент қаласының Әділет департаментінің өкілдері, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспектор, адвокат, сондай-ақ Шымкент қаласы білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығының» және №2 қалалық емхананың психологтары қатысты.
Кездесу барысында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері түсіндіріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары және заң талаптарын сақтау жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар, қатысушыларға эмоционалдық тұрақтылықты нығайту, күйзелісті басқару және қиын өмірлік жағдайларда көмек алу жолдары туралы психологиялық кеңестер ұсынылды.
Шара аясында психолог мамандардың қатысуымен арнайы психологиялық тренинг ұйымдастырылып, балалардың өзара қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға, сенімділігін арттыруға және жағымды эмоциялық ахуал қалыптастыруға бағытталған интерактивті жаттығулар өткізілді.