
Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында “Фиркан сити” сауда орталығында азаматтарды қабылдау іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында тұрғындардың қоғамдық қатынастар саласындағы өзекті мәселелері қаралып, заңнама талаптарына сәйкес құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Азаматтардың өтініштері тыңдалып, көтерілген сұрақтар бойынша тиісті құқықтық кеңестер берілді.
Қабылдауға мемлекеттік органдардың өкілдері, құқық қорғау саласының мамандары және заңгерлер қатысып, тұрғындардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты мәселелер бойынша түсіндірмелер ұсынды.
Мұндай кездесулер халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы кері байланысты нығайтуға, сондай-ақ қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған.