
Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Заңды білу - заман талабы» атты ашық дөңгелек үстел өтті.
Жиынға Әділет департаментінің бас маманы С.Бахтыяр қатысып, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында мазмұнды кездесу өткізді.
Бас маман жастар арасындағы өзекті мәселелерге тоқталып, буллинг пен кибербуллингтің алдын алуды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыруды және кәсіби ортада мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейтудің маңыздылығын түсіндірді.
Шара барысында студенттер құқық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру сапасын арттыру бойынша арнайы сауалнама толтырды.
Тәртіп бар жерде — тәрбие бар, заң бар жерде — әділдік бар!