Жоғары оқу орындары жанынан құрылған заң клиникалары – қоғам мен білім беру жүйесін байланыстыратын маңызды институттардың бірі. Бұл құрылымдар бір жағынан азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетсе, екінші жағынан болашақ заңгер студенттердің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 01 ақпандағы № 200 қаулысымен «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспары» бекітілді. Аталған Іс-қимылжоспарының 29-тармағына сәйкес жоғары оқуорындары жанынан заң клиникаларын құрупрактикасын кеңейту көзделген. Бұл бастама аясындаазаматтарға тегін заңгерлік консультация мен практикалық көмек көрсету, заң клиникаларының қызметін стандарттау, сондай-ақ студенттерге арналған ынталандыру шараларын әзірлеу және енгізу міндеттері айқындалған.
Жоспар талабын орындау мақсатында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің базасында заң клиникасы құрылды. Бұл клиника университеттің білім беру қызметін тәжірибемен ұштастыруға және қоғамға нақты пайда әкелуге бағытталған маңызды алаңға айналды.
Аталған жоспарды жүзеге асыру шеңберінде семинарлар өткізу және студенттерді практикалық жұмыс дағдыларымен таныстыру жоспары әзірленіп, тиісті іс-шаралар ұйымдастырылды. Семинарлар барысында студенттер нақты құқықтық жағдайлардыталдау, заң құжаттарын әзірлеу, азаматтармен жұмыс істеу тәртібі сияқты маңызды кәсіби дағдыларды меңгерді.
Сонымен қатар, заң клиникасы аясында азаматтарға тегін құқықтық кеңестер беріліп, олардың құқықтық мәселелерін шешуге практикалық көмек көрсетілді. Бұл өз кезегінде азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заң көмегіне қолжетімділікті кеңейтуге ықпал етті.
ЖОО жанындағы заң клиникалары – қоғам мен білім беру жүйесінің өзара тиімді байланысын қамтамасыз ететін маңызды құрал. Олар азаматтарғатегін құқықтық көмек көрсетіп, студенттердің кәсібидамуына жағдай жасайды. Сондықтан мұндайбастамаларды әрі қарай дамыту және жетілдіру – еліміздің құқықтық мәдениетін нығайтудың маңыздыбағыты болып табылады.