
Шымкент қаласында сот шешімін орындау шеңберінде заңсыз салынған коммерциялық нысанды бұзу жұмыстары жүргізілді. Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының заңды күшіне енген шешіміне сәйкес, жер учаскесін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбай, қолданыстағы қала құрылысы және жер заңнамасының талаптарын бұза отырып салынған бір қабатты коммерциялық нысан жауапкердің есебінен мәжбүрлі түрде бұзылды.
Сот шешімдері барлық жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындалуға тиіс.
Қала аумағында заңдылықты қамтамасыз ету, жерді мақсатты пайдалану талаптарын сақтау және заңсыз құрылыстардың алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілеріне құрылыс жұмыстарын бастамас бұрын қажетті рұқсат құжаттарын рәсімдеп, заң талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығы ескертіледі.