Индустриалды–техникалық колледжінде студент жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Заң мен Тәртіп» тақырыбында танымдық кездесу өтті.
Іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, заң консультанты А.Е.Бейсенбаев қатысты.
Кездесу барысында спикерлер жастарға заң талаптары, құқықтық жауапкершілік, зиянды әдеттердің алдын алу мәселелері бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ашық форматта өткен пікір алмасу кезінде студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға нақты әрі пайдалы жауаптар алды.