
Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның шешімі және тәуекелдер картасы аясында Шымкент қаласының Әділет департаменті Абай аудандық әкімдігімен және Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында мамандар Алаш және Бекжан сауда орындарын аралап, кәсіпкерлермен, жалдамалы жұмысшылармен және азаматтармен кездесулер өткізді. Кездесу барысында адам саудасының белгілері, еңбек қанауының алдын алу, күмәнді жұмыс ұсыныстарынан сақтану, еңбек қатынастарын заңды түрде рәсімдеудің маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар азаматтарға адам саудасының құрбанын болдырмау, өз құқықтарын қорғау тетіктері және заңсыз әрекеттерге тап болған жағдайда қайда жүгіну қажеттігі туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.
Аталған іс-шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, адам саудасының алдын алу және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды күшейту.
Іс-шара соңында қатысушыларға әділет органдарының құзыреті, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және азаматтарға ұсынылатын құқықтық көмек алу тәртібі туралы жан-жақты ақпарат берілді.