МЕМЛЕКЕТТІК РЕФОРМАЛАР ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ: КОЛЛЕДЖДЕГІ МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ

МЕМЛЕКЕТТІК РЕФОРМАЛАР ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ: КОЛЛЕДЖДЕГІ МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ

Инновациялық технологиялық колледжінде студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық белсенділігін ояту мақсатында өте маңызды әрі тағылымды дәріс өтті.

Дәрістің бас спикері — Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының білікті заң консультанты Арыстанов Қайрат Қайдарович болды.

Кездесу барысында қандай тақырыптар қозғалды?

  • Азаматтық қоғамның рөлі: Мемлекет пен қарапайым халық арасындағы алтын көпір қалай қалыптасады?
  • Заманауи реформалар: Елімізде жүріп жатқан мемлекеттік реформалардың басты бағыттары мен олардың жастар болашағына әсері.
  • ⁠Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары.
  • Құқықтық мәдениет: Әрбір жас маман өз құқықтары мен міндеттерін неліктен терең білуі тиіс?

«Жастар — азаматтық қоғамның қозғаушы күші. Мемлекеттік реформалардың табысты жүзеге асуы сіздердің белсенділіктеріңіз бен құқықтық сауаттылықтарыңызға тікелей байланысты», — деп атап өтті Қайрат Қайдарович.

Еркін пікір алмасу форматында өткен дәрісте студенттер өздерін мазалаған сұрақтарды қойып, заңгерден тұшымды жауаптар алды. Болашақ мамандар үшін бұл кездесу үлкен тәжірибе және құқықтық бағыт-бағдар болғаны анық.