
Ақпан батыр атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектебінде жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, буллингтің, зорлық-зомбылықтың, суицидтің, нашақорлықтың және зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында «Адамдық борышың – ар сақта оны біл» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Буллинг тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, тәрбиелік мәні бар өлеңдер оқылып, тақырыпқа сай кітап көрмесі таныстырылды.
Шараға Департаменттің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы С.Бақтыяр және педагог-психолог А.Жүзбаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Г.Бегалиева мен Г.Бекболатова қатысып, оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Шара барысында оқушылармен пікір алмасу ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, мамандарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.