
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалы қызметкерлерінің, сондай-ақ жеке нотариустардың қатысуымен Шымкент қаласы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, бақылау жұмыстарын жетілдіру, мемлекеттік тіркеу рәсімдері кезінде орын алатын кемшіліктердің алдын алу және электронды қызметтердің үлесін көбейту мәселелері талқыланды.
Кездесу аясында қатысушылар мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, заңнама талаптарын сақтау мен қызмет көрсету тиімділігін арттыру бағытында ұсыныстарын білдірді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған бағытта Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы С. Әсілбек қатысушыларға заң талаптары мен профилактикалық шаралар жөнінде ақпарат берді.