
«Тұран» жоғары медициналық колледжінің студенттеріне «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Тәртіп – тәрбие бастауы» тақырыбында семинар өтті.
Кездесуге Әл-Фараби аудан прокуратурасының Мемлекеттік айыпты қолдау бөлім прокуроры Н.А.Алжан, Шымкент қаласы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері полиция капитандары Б.Т.Бекбаев пен Е.Қ. Ералиев, сондай-ақ Шымкент қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы С.Бахтыяр қатысты.
Кездесу барысында жастарға интернет алаяқтық, киберқауіпсіздік, құқықтық сауаттылық және заң талаптарын сақтау жөнінде маңызды ақпараттар берілді.
Сонымен қатар, жаңа конституция нұсқасымен танысу үшін QR код орналасқан жадынама таратылды.