«КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР: ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҮСТЕМДІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРМЕН СЕМИНАР ӨТТІ.

«КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР: ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҮСТЕМДІГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАРМЕН СЕМИНАР ӨТТІ.

Шымкент қаласында «Конституциялық өзгерістер: тұрақты даму және құқық үстемдігі» тақырыбында жастармен мазмұнды семинар өтті.

Жиын барысында еліміздің басты құжатына енгізілген өзгерістердің мән-жайы, адам құқығын қорғау тетіктері және заң үстемдігін орнатудағы жастардың рөлі кеңінен талқыланды.

Шараның құрметті қонақтары мен спикерлері:

 Серікбай Қуаныш Бауыржанұлы – «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы орынбасарының м.у.а.;

Абдезов Нұржан Әлібекұлы – ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі;

Абдурахманова Гузаль Рустамжановна – Шымкент қаласы заң консультанттар палатасының заң консультанты;

Сарсенбеков Жандос Әбутәліпұлы – М. Әуезов атындағы ОҚУ Саясаттану кафедрасының аға оқытушысы, саяси ғылым магистрі.

Спикерлер жастарға конституциялық реформалардың күнделікті өмірге әсері, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі туралы пайдалы ақпараттармен бөлісті.

«Құқықтық мемлекет құру – әрбір азаматтың заңды білуі мен құрметтеуінен басталады», — деп атап өтті сарапшылар.

Семинарға қаламыздағы ЖОО және ТжКОББ студенттері белсене қатысып, өздерін мазалаған сұрақтарына тұщымды жауаптар алды. Ашық диалог алаңына айналған кездесу жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға жаңа серпін берді.