КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР - ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР - ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Шымкент қаласында Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің студенттерімен «Конституциялық өзгерістер: тұрақты даму және құқық үстемдігі» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шара барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың маңызы, құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөлі, заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері кеңінен талқыланды.

Кездесуге Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының заңгері Мырзабай Нұрлан қатысып, студенттерге конституциялық өзгерістердің қоғам дамуына ықпалы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және азаматтық жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, қатысушылар құқық үстемдігін нығайту, азаматтық қоғамның рөлі, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң талаптарын сақтау мәдениеті жөнінде пікір алмасты.

Кездесу еркін форматта өтіп, студенттер өздерін қызықтырған құқықтық сұрақтарға жауап алды.