
Шымкент қаласының Әділет департаменті шалғай аудандар тұрғындарына арналған «Тегін заң көмегі күндерін» Жаңаталап тұрғын алабында өткізді.
Тұрғындармен кездесуге адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары және заң консультанттары, сондай-ақ, Тұран ауданы әкімдігінің өкілдері қатысты.
Мақсат:
-Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру
- Құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету.
Кездесуге тұрғындар белсенді қатысты, өздерінің атқарушылық өндіріс, адвокаттық қызметке, инфрақұрылым, жол, газ және су мәселелері бойынша сұрақтарын қойды. Сала мамандары әрқайсысына жан-жақты жауап берді.