
Шымкент қаласының адвокаттар алқасының адвокаты Б.Тлеулов М. Әуезов атындағы ОҚУ студенттеріне арнап «Адвокаттық зерттеу: дәлелдемелерді жинау мен ұсынудың тиімді тәсілдері» тақырыбында дәріс оқыды.
Университет қабырғасында алған теориялық білімді практикамен ұштастыру нағыз маман болудың алғашқы баспалдағы. Дәріс барысында студенттер:
Лектор болашақ мамандарға дәлелдемелерді іздеудің заманауи әдістері мен сот процесіндегі дәлелдеу жүктемесінің ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Студенттер практик маманнан тікелей сұрақтарына жауап алып, кәсіби тәжірибемен бөлісті.