ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДІҢ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ МЕН КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ.

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДІҢ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ МЕН КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ.

        ҚР Әділет мингистрлігінің «Антиконтрафакт» республикалық акциясын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттеріне зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтауға қолайлы жағдай жасау, контрафактілік өнімдерді таратуға қарсы күресті насихаттау және танымал ету, сондай-ақ контрафактілік өнімдерді тарату проблемасы туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

       Өткізілген іс-шараның мақсаты, зияткерлік меншік саласына қатысты тауар таңбаларын тіркеу, қорғау, сондай-ақ контрафактілі өнімдерді түпнұсқадан қалай ажырату керек екендігі жөніндегі ақпараттар берілді.

   Контрафактілі өнімдерді сатып алу қаупін болдырмау, алдын-алу, мұндай өнімдерді алған жағдайда адам денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіруі және ол үшін жауапкершілік бар екенін халық назарына жеткізу және контрафактілік өнімге деген теріс көзқарасты қалыптастыру болып табылады.