Шымкент қаласының заң консультанттары палатасының заң консультанты П. Есенбекова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттеріне «Азаматтық процестегі тараптардың құқықтары мен міндеттері» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында азаматтық процестегі талапкер мен жауапкердің құқықтық мәртебесі, олардың процесс барысында атқаратын міндеттері, соттағы тең құқықтылық қағидаты және дәлелдемелер ұсыну тәртібі жан-жақты түсіндірілді.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби кеңестер алды. Мұндай дәрістер болашақ заңгерлердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға үлкен мүмкіндік береді.