Шымкент қаласында адвокаттар алқасының және адвокаттардың қатысуымен семинар өтті.
Семинарға Департамент өкілі және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілдері қатысып, өзекті мәселелер бойынша пікір білдірді.
Семинар барысында мемлекеттік кепілдік берілген заң көмегін жүзеге асыру мәселелері бойынша және осы салада қолданылатын заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және заң талаптарын сақтау тақырыптары қозғалды.
Қатысушылар тәжірибе алмасып, кәсіби қызмет барысында туындайтын мәселелерді талқылады. Адвокаттардың құқықтық көмекті сапалы көрсетуі, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және кәсіби әдеп нормаларын сақтау қажеттігі ерекше атап өтілді.