ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ДӘРІС ӨТТІ

ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ДӘРІС ӨТТІ

Шымкент қаласы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында дәріс өткізілді.

Іс-шараға «Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі» және «Политехникалық колледжі» студенттері қатысты.

Дәріс барысында жастарға құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау, сондай-ақ құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз.