Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Департаментінің Өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің прокурорлары — Юсупов Қуаныш Анарбекұлы және Кәрібай Сұңқар Болатұлының қатысуымен ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жолданымдарға қойылатын талаптары мен қарау мерзімдері бойынша жұмыс кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі, заңнама талаптарын сақтау, сондай-ақ өтініштерді талдау және бақылау мәселелері жан-жақты талқыланды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, «Тіл тағдыры – ел тағдыры» қағидаты негізінде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оны күнделікті қызмет барысында кеңінен қолдану және насихаттау бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша өтініштерді қарау сапасын арттыру, заң талаптарын бірізді қолдану, сондай-ақ мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында нақты тапсырмалар берілді.