«Мемлекеттік қызмет – болашаққа жол»

«Мемлекеттік қызмет – болашаққа жол»

Шымкент медресе колледжінде Шымкент қаласының Әділет департаментінің әкімшілік бөлімі басшысының м.а. Муслимова Назира Рустемовнаның қатысуымен «Мемлекеттік қызмет – болашаққа жол» атты кәсіптік бағдарлау іс-шарасы өтті.

Кездесу барысында студенттерге мемлекеттік қызметке орналасу реттілігі, мемлекеттік қызметке іріктеу мен өткізу процесін жетілдірудің артықшылықтары, сондай-ақ жалпы конкурсты өткізудің қысқаша тәртібі туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Іс-шара барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызмет саласы жайлы пайдалы мәліметтер алды.

Бұл маңызды кездесу студенттердің болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар беріп, мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттырды.