АMANAT: «ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АЗАМАТТАРҒА ЗАҢГЕРЛІК КЕҢЕС БЕРІЛДІ

«AMANAT» партиясымен түзілген меморандум негізінде, «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында кезекті қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың өзекті мәселелеріне заң аясында көмек көрсету және қоғамдағы әлеуметтік түйткілдердің шешілуіне ықпал ету.
Қабылдауға сала мамандары – Адвокаттар алқасының адвокаты Бауыржан Мархабаев, Әділет департаментінің бөлім басшысы Қыстау Құрбанбек, «Zangerler palatasy» заң консультанттар палатасының заң консультанты Алима Шеримбетова және Шымкент қаласы бойынша атқарушылық округінің жеке сот орындаушысы Қасымхан Әбілқасым, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Талғат Балтабаев, қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты Жазира Салибаева қатысып, тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.