Наурызнама онкүндігі аясында Шымкент қаласының Әділет департаментінің қызметкерлері Салт-дәстүр орталығында болып, қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен ұлттық құндылықтарын ұлықтады.
Іс-шара барысында қызметкерлер халқымыздың көне салт-дәстүрлерімен танысып, ұлттық рухты дәріптеп, ата-бабадан қалған өнегелі мұраның маңыздылығына ерекше назар аударды.
Ұлттық дәстүр — ұлттың рухани тірегі, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын асыл қазына. Осындай тағылымды кездесулер қоғамда мәдени құндылықтарды сақтауға және насихаттауға үлкен үлес қосады.
Ұлттық дәстүріміз – ұлттың айнасы!