Шымкент қаласының Әділет департаментінің басшысы Айнұр Исабекованың төрағалығымен қалалық Нотариаттық палата ғимаратында жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және техникалық паспортты ресімдеу мәселелеріне арналған семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шараға Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы, “Азаматтарға арналған үкімет” МК КЕАҚ-ның Шымкент қаласы бойынша филиалының Тіркеу басқармасының басшысы, Шымкент қаласы бойынша МКД өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы, сондай-ақ Нотариаттық палатаның төрағасы мен қала нотариустары қатысты.
Жиын барысында жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеудің қолданыстағы тәртібі, техникалық паспортқа қатысты мәселелер және құқық қолдану тәжірибесінде туындайтын өзекті сұрақтар талқыланды. Сонымен қатар, 2025 жылы нотариустар тарапынан атқарылған жұмыстардың қорытындылары қаралып, Әділет департаментінің басшысы нотариустық қызметте кемшіліктерді болдырмау, қызмет сапасын арттыру және заң талаптарының сақталуын күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.