«ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ» АКЦИЯСЫ: ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ЗАҢ КӨМЕГІ КӨРСЕТІЛДІ

«ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ» АКЦИЯСЫ: ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ЗАҢ КӨМЕГІ КӨРСЕТІЛДІ

Облыстық жасөспірімдер үйінде «Әділет кеңес береді» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және оларды толғандыратын заңдық мәселелер бойынша нақты кеңес беру.

Акция аясында адвокаттар, нотариустар, заң консультанттары және сот орындаушысы қатысып, қатысушыларға тегін құқықтық кеңес көрсетті. Сондай ақ құжаттарды жолдау барысында заңдық сүйемелдеу көрсетті. Мамандар күнделікті өмірде жиі кездесетін құқықтық сұрақтарға түсініктеме беріп, заң аясында өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс пайдалану жолдарын түсіндірді.


Мұндай шаралар жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға деген сенімді арттыруға және болашақта құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді.