
Шымкент қаласының Әділет департаменті «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында сотталған азаматтар үшін өзекті құқықтық мәселелерге басымдық бере отырып, Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №54 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға білікті заң көмегі көрсетілді.
Кездесу барысында істі болған азаматтардың өтініші жеке қаралып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес нақты құқықтық кеңестер ұсынылды.
Бұл бастама сотталған азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң талаптарын дұрыс түсінуіне және қоғамға қайта бейімделуіне құқықтық қолдау көрсетуге бағытталған.
ент.