ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Шымкент қаласының Әділет департаментінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын жан-жақты түсіндіруге арналған ақпараттық жиналыс өтті. Іс-шара барысында тақырыпқа сәйкес Назира Муслимова мазмұнды баяндама жасап, Конституция жобасында көзделген негізгі өзгерістерге, олардың құқықтық маңызына және қоғам өміріндегі рөліне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бағытындағы жаңашылдықтар түсіндірілді.

Жиналысқа қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Конституция жобасына қатысты пікірлерімен бөлісті. Ашық диалог форматында өткен кездесу қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтық белсенділікті күшейтуге ықпал етті.
Мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасып, қоғамда жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың мәні мен маңызын кеңінен жеткізуге бағытталатын болады.

Конституция – тәуелсіз еліміздің тірегі, құқықтық мемлекеттің берік іргетасы.