Шымкент қаласының Әділет департаменті «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында сотталған азаматтар үшін аса өзекті құқықтық мәселелерге назар аудара отырып, тегін заңгерлік консультация беру бағытында іс-шараларды өткізуде. Осыған сәйкес Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №53 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға білікті заң көмегі көрсетілді.
Іс-шара барысында сотталғандардың жаза өтеу тәртібі, құқықтары мен міндеттері, сот актілерін орындау, әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша жиі көтерілетін сұрақтарына жан-жақты түсіндірме берілді. Әрбір өтініш жеке қаралып, қолданыстағы заңнама аясында нақты құқықтық кеңестер ұсынылды.
Аталған бастама сотталған азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң талаптарын түсінуге және қоғамға қайта бейімделуіне құқықтық тұрғыда қолдау көрсетуге бағытталды.