ОТБАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ОТБАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Құқық бұзушылықтың профилактикасы – қоғам қауіпсіздігінің негізі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.

Кездесуге мемлекеттік органдар мен құқық саласының білікті мамандары қатысып, аналарға заңнама талаптары, олардың құқықтары мен міндеттері туралы кеңінен түсіндірме берді.

Шара барысында:
✔️ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары айтылды;
✔️ даулы жағдайларда қайда және қалай жүгіну керектігі нақты түсіндірілді;
✔️ қатысушыларға жеке құқықтық кеңестер ұсынылды.

Мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, отбасындағы қауіпсіздік пен қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.