МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Шымкент қаласы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Шымкент қаласы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығының Абай аудандық бөлімі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында ресми құжаттарға апостиль қою, жылжымайтын мүлік пен заңды тұлғаларды тіркеу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және құжаттардың уақытылы әрі сапалы орындалуы туралы мәселелер қозғалды.
Іс-шараның басты мақсаты – қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру арқылы халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту.