Шымкент қаласында ұйымдастырылған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі жоғары және арнаулы орта білім беру ұйымдарының түлектері, пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға бағытталды.
Шымкент қаласы прокуратурасының ұсынысы негізінде өткізілген шара барысында қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей байланыса отырып, өз қабілеттеріне сай нақты жұмыс мүмкіндіктерімен танысты.
Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау шаралары мен цифрлық қызметтер туралы толық ақпарат беріліп, қайта еңбекке тарту жолдары түсіндірілді.
Аталған жәрмеңке азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне, еңбек нарығына қайта кіруіне және тұрақты жұмыспен қамтылуына жағдай жасады.