АЗАМАТТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК БЕРІЛДІ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында кезекті қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Іс-шара барысында азаматтардың құқықтық сипаттағы мәселелері тыңдалып, нақты кеңестер берілді.
Қабылдауға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, Қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Гульжанат Баетова, адвокаттар алқасының адвокаттары Гульжанат Қуттыбек пен Бауыржан Мархабаев, Әділет департаментінің бөлім басшысы Дина Ботан, сондай-ақ «Zangerler Palatasi» заң консультанттары Анара Мырзагалиева мен Нұрлан Мырзабай қатысты.
Қоғамдық қабылдауға келген азаматтар алаяқтыққа ұшырау, көші-қон құжаттарын рәсімдеу, несиеге қатысты даулы мәселелер секілді құқық саласындағы түйткілдерін көтерді.
Қабылдау барысында көтерілген барлық мәселелер арнайы хаттамаға енгізіліп, тиісті мекемелердің бақылауына алынды. «AMANAT» партиясының қызметкерлері бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.