«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ

 М. Тынышбаев атындағы Шымкент ALT көлік колледжінің студенттеріне арналған «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Заңды білу – қауіпсіз болашақ кепілі» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Бауыржан Қанатұлы Карбеков, сондай-ақ Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Самал Бахтыяр қатысты.

Кездесу барысында жастар арасындағы құқық бұзушылық, буллинг және сталкинг мәселелері қозғалып, аталған әрекеттердің заң алдында жауапкершілікке әкеп соғатыны түсіндірілді. Сонымен қатар, спикерлер жастармен ашық пікір алмасып, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған нақты жауаптар берді.