
Шымкент қаласының Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» МК КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының АХАТ саласы қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында Минск және Кишинев конвенцияларының негізгі талаптары, шет мемлекеттермен құқықтық көмек және ынтымақтастық туралы халықаралық шарттардың орындалу тәртібі кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының шетел елшіліктерінен келіп түскен соңғы өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы ақпарат берілді.
Мұндай іс-шаралар сала мамандарының құқықтық сауаттылығын арттыруға және халықаралық құжаттармен жұмыс істеу сапасын жақсартуға бағытталған.