ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕ САПА МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК КҮШЕЙДІ

ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚЫЗМЕТТЕ САПА МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК КҮШЕЙДІ

Құқықтық қызметтің сапасы – азаматтардың сенімі мен қауіпсіздігінің негізі. Осы бағытта бақылау шаралары жүйелі түрде күшейтілуде.

Нотариат саласы: Шымкент қаласы бойынша қазіргі таңда 340 нотариус қызмет атқарады. Заңдылықты сақтау мақсатында 2025 жылы 10 тексеру (жоспардан тыс және профилактикалық) жүргізіліп, нәтижесінде тәртіптік жауапкершілікке 4 нотариус және әкімшілік жауапкершілікке 14 нотариус тартылды. Сондай ақ заң талаптарын бұзған 2 нотариустың лицензиялары тоқтатылды.

Адвокаттар мен заң консультанттары: Бүгінде Шымкент қаласы бойынша құқықтық тұрғыда 513 адвокат пен 1331 заң консультанты қызмет көрсетуде. Есепті кезеңде 27 адвокат және 21 заң консультанты тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл — құқықтық көмектің сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам. Әділет департаменті алдағы уақытта да заңдылықты қамтамасыз ету, құқықтық қызмет сапасын көтеру және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Сапалы заң көмегі — әр азаматтың құқығы!