НОТАРИАТТАҒЫ ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

НОТАРИАТТАҒЫ ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен нотариустардың қызметіндегі өзекті мәселелерге арналған онлайн жиналыс өтті.

Жиын барысында:
-нотариустардың ЭЦҚ кілтін бөгде тұлғалардың пайдалануына жол бермеу,
-дұрыс емес аудармалар жасауға қатысты жауапкершілік,
-қаржылық мониторинг талаптарын сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды.

Онлайн форматта өткен кездесудің басты мақсаты — нотариат саласында заңдылықты нығайту, кәсіби жауапкершілікті арттыру және құқықтық қауіптердің алдын алу болып табылады.
Мұндай түсіндіру және талқылау жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.