
Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жанындағы «Заң клиникасы» аясында азаматтарға арналған құқықтық кеңес беру акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты — азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және өзекті мәселелер бойынша кәсіби құқықтық көмек көрсету. Акция барысында азаматтар алимент өндіру, жол-көлік оқиғаларына қатысты даулар, кәсіпорынды тіркеу, сондай-ақ басқа да құқықтық сұрақтар бойынша нақты әрі жан-жақты кеңес алды. Әрбір қатысушы өз мәселесіне байланысты жеке түсіндірме алып, заң аясында қандай әрекет ету керектігі жөнінде ақпараттандырылды.
Шараға Әділет департаментінің қызметкерлері, адвокаттар және сот орындаушылар қатысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.