АҚЖАР ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА “ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ КҮНДЕРІ. АКЦИЯСЫ ӨТТІ

АҚЖАР ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА “ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ КҮНДЕРІ. АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласының Тұран ауданына қарасты Ақжар тұрғын алабында тұрғындарға арналған “Тегін заң көмегі күндері” акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шараға Шымкент қаласының Әділет департаменті мен жергілікті әкімдікке қарасты басқармалардың мамандары, сондай-ақ адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары және заң консультанттары қатысып, азаматтарға тегін құқықтық кеңес көрсетті.

Акция барысында тұрғындар алимент өндіру, мүліктік даулар, еңбек қатынастары, әлеуметтік төлемдер, құжаттарды рәсімдеу және өзге де өзекті құқықтық мәселелер бойынша нақты әрі жан-жақты жауап алды. Әрбір азаматқа жеке түсіндірме беріліп, заң аясында әрекет ету жолдары түсіндірілді.