
Шымкентте жыл басынан қазіргі таңға дейін 21 290 азаматқа тегін заң көмегі көрсетілді. Бұл — әділет органдарының халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың заңды мүдделерін қорғау бағытында атқарып жатқан жүйелі жұмысының нақты нәтижесі.
2025 жылдың қазіргі таңдағы қорытындысы бойынша Әділет департаменті заң қызметін ұйымдастыру, аттестациялау және тегін заң көмегін көрсету салаларында бірқатар маңызды жұмыстарды жүзеге асырды.
Тегін заң көмегі – азаматтарға нақты қолдау. Есепті кезеңде Әділет департаменті 81 адвокаттармен және 37 заң консультанттарымен тегін заң көмегін көрсету туралы келісімшарт жасады. 2025 жылға республикалық бюджеттен 191 430 000 теңге бөлініп, оның 174 573 000 теңгесі тиімді игерілді. Нәтижесінде заңда көзделген санаттағы 21 290 азамат білікті заң көмегіне қол жеткізді.
Тегін заң көмегі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік тұрғыдан осал және қорғалуы қажет азаматтарға көрсетіледі. Нақтырақ айтқанда, ол келесі санаттарға арналған:
Тегін заң көмегін алуға құқылы азаматтар:
Қандай көмек көрсетіледі?